Су ресурстарын пайдалану жөніндегі жаңа монография жарық көрді

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бұл Еуразиялық даму банкінің су ресурстарын пайдану саласындағы үшінді ауқымды зерттеу жұмысы болып отыр.
None
None

Ол «Орталық Азиядағы шекаралық өзендер бассейніндегі ынтымақтастықтың инвестициялық мүмкіндіктері» деп аталады. Монографияның авторлары банктің талдау жұмыстары жөніндегі басқарушы директоры А.Ясинский, Техникалық әрекеттестік бөлімінің бастығы А.Мироненко және оның орынбасары Т. Сәрсембеков.

Су нысандарын бірлесіп басқару мен трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану Орталық Азиядағы күрделі мәселелердің бірі саналады. Бұл ең алдымен Сырдария және Амудария, Шу және Талас өзендеріне қатысты болып отыр. Онда авторлар аймақтағы су шаруашылығы инфрақұрылымын нығайту мен суды үнемдеу барлық салада айтарлықтай ұзақмерзімдік инвестицияны қажет ететінін атап өтеді. Сондай-ақ онда халықаралық қаржы институттарының рөлін жоғары деп санайды.

Соңғы жаңалықтар