Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан командалық есепте екінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды.

су добы
Фото: ҚР ҰОК

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды. ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыздың қоржынында 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде бар.

Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды.

Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.

Айта кетейік, су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі үшінші кездесуін сенімді өткізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар