18:05, 05 Наурыз 2024 | GMT +5
Су спортынан Азия чемпионаты: Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды.

Нақтырақ айтсақ, көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей бас жүлдені жеңіп алды.

Көркем жүзу. Жұп. Еркін бағдарлама
1-орын – Қазақстан - Даяна Джаманчалова/София Ищенко - 233.5413
2-орын – Қытай - Жихуан Йе/Жиян Ку - 229.6568
3-орын – Өзбекстан - Жасмина Кодирова/Сабина Махмудова - 194.8469.
Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.
26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.