Су спортынан Азия чемпионаты: Қоржынымызға бүгін үш алтын медалі түсті 

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында бүгін қазақстандық спортшылар ел қоржынына үшінші алтын медальді салды.

Су спорты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нақтырақ айтсақ, әйелдер арасында А тобында 100 м еркін әдіспен жүзуден жерлесіміз Софья Сподаренко чемпион атанса, ерлер арасында ұлттық құраманың көшбасшысы Әділбек Мусин күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жүзу. Әйелдер. А тобы. 100 м еркін әдіс

1-орын - Қазақстан - Софья Сподаренко - 56.54
2-орын - Тайпей - 57.65
3-орын - Таиланд - 57.67

Жүзу. Ерлер. А тобы. 100 м еркін әдіс

1-орын - Таиланд - 50.10
2-орын - Әділбек Мусин - 50.28
3-орын - Иордания - 51.07.

Айта кетейік, осыған дейін жерлестеріміз 2 алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар