Су спортынан әлем чемпионаты-2015: Қазан қаласында қандай көрсеткішке қол жеткіземіз?
Жарыс жолына әлемнің 190 елінен 2400-ге жуық спортшы жүзуден, ашық суда жүзуден, синхронды жүзуден, ватерполдан, хай-дайвингтен және суға секіруден сайысқа түсіп, жалпы 75 жүлделер жиынтығын сарапқа салады.
Жасыратыны жоқ, елімізде су спорты кенже дамыған спорт түрлерінің бірі. Олай дейтініміз - әлі күнге спорттың осы түрінен әлемдік додада өрендеріміз бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмай келеді. Бірақ, болашағынан үміт күттіретін жастарымыз енді-енді бой көрсете бастады. Солардың бірі - енді ғана 20 жасқа толып жатқан Дмитрий Баландин. Ол 2014 жылы Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарында бір емес, үш бірдей алтынға қол жеткізіп, ел мерейін бір көтеріп тастағаны әлі есімізде. Осы жолы да Дмитрийге үлкен үміт артып отырғанымыз жасырын емес. Сондай-ақ, жүзуден Азия ойындарының күміс жүлдегері Екатерина Руденко, синхронды жүзуден апалы-сіңлілі Немичтер, ватерполдан ерлер құрамасынан жүлде күтіліп отыр.
Жалпы, қазақстандық спортшылар Қазандағы әлем чемпионатында 5 спорт түрі бойынша жарыстарға қатысады. Атап айтар болсақ, ватерпол, суға секіру, жүзу, синхронды жүзу және ашық суда жүзу спорт түрлері бойынша жүлдеге таласады.
Осы жерден сәл шегініс жасап, су спорты түрлерінен өткен әлем чемпионаттарының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. Су спорты түрлері бойынша халықаралық ірі жарыс, Олимпиадалық ойындармен қатар Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) эгидасымен, 1973 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Әлем біріншілігі жүзу (бассейнде және ашық суда жүзу), суға секіру, су добы және синхронды жүзу сияқты су спорты түрлерінен өткізіледі.
1978 жылдан 1998 жылға дейін спорттың бұл түрінен әлем чемпионаты төрт жылда бір рет өткізіліп келген болатын. Кейін, 2001 жылдан бастап, қазірге дейін екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді.
Су спортынан әлем чемпионатында ең көп жүлде жүзушілер арасында сарапқа салынады. Биылғы әлем біріншілігінде 42 медаль жиынтығы осы жүзушілер арасында сарапқа салынады. Одан кейінгі орындарда - суға секіру (13), синхронды жүзу (9), ашық суда жүзу (7) және су добы (2) мен хай-дайвинг (2) секілді спорт түрлері арасында жүлделер сарапқа салынады.
Бұл бәсекелердің барлығы «Қазан Арена» стадионы (сыйымдылығы - 45000 көрермен), Су спорт түрлері сарайы (4166) және Қазан өзенінде (1500) өтеді. Біз жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің иелерін толықтай жарыс аяқталатын 9 тамыз күні білетін боламыз.
Сөздің реті келгенде айта кетейік, Астана қаласы 2020 жылы су спорты түрлерінен әлем чемпионатын өткізуге өз кандидатурасын ұсынған болатын. Алайда, шілденің 22 күні Татарстан астанасы Қазанда өткен дауыс беру нәтижесінде 2020 жылғы Әлем чемпионаты Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін болып бекітілді.
Бұл жайында Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) арнайы баспасөз мәслихатында жарияланды.
Ал 2016 жылы қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионаты Канаданың Виндзор қаласында өтсе, 2018 жылы Ханчжоуда (Қытай) жалауын желбіретеді.
СУ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. ҚАЗАН Қ. РЕСЕЙ.
Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі
Синхронды жүзу: 25 шілде - 1 тамыз
Өтетін күні
Уақыты
Жарыс түрі
Аты-жөні
26 шілде
09:00-12:00
Дуэт. Іріктеу кезеңі.
17:30-19:05
Дуэт. Финал.
Жүзу. 2-8 тамыз.
Өтетін күні
Уақыты
Жарыс түрі
Аты-жөні
2 тамыз
09:30-13:15
100 м. Брасс әдісі. Іріктеу кезеңі
Д.Баландин.
18:35-18:44
100 м Брасс әдісі. ½ финал
3 тамыз
09:30-12:15
100 м. Шалқалай жүзу. Іріктеу кезеңі.
Е.Руденко
17:32-17:36
100 м брасс әдісі. Ф ИНАЛ
18:24-18:34
100 м. Шалқалай жүзу. ½ финал
4 тамыз
09:30-12:15
50 м. Брасс әдісі. Іріктеу кезеңі
Д.Баландин
17:40-17:45
100 м. Шалқалай жүзу. Ф ИНАЛ
17:48-17:57
50 м. Брасс әдісі. ½ финал
5 тамыз
09:30-12:15
50 м. Шалқалай жүзу. Іріктеу кезеңі
Е.Руденко
17:42-17:51
50 м. Шалқалай жүзу. ½ финал
18:10-18:14
50 м. Брасс әдісі . ФИНАЛ
6 тамыз
09:30-12:15
200 м. Брасс әдісі. Іріктеу кезеңі
Д.Баландин.
18:29-18:41
200 м Брасс әдісі. ½ финал
18:49-18:51
50 м. Шалқалай жүзу. ФИНАЛ
7 тамыз
09:30-12:15
200 м. Шалқалай жүзу. Іріктеу кезеңі.
Е.Руденко
17:49-18:01
200 м. Шалқалай жүзу. ½ финал
18:55-19:01
200 м. Брасс әдісі. ФИНАЛ
8 тамыз
17:47-17:53
200 м. Шалқалай жүзу. Ф ИНАЛ
Су добы. 26 шілде - 8 тамыз.
Ерлер.
Өтетін күні
Уақыты
Команда1/Команда2
27 шілде
17:30-18:35
Венгрия - Қазақстан (топтық кезең)
29 шілде
10:50-11:55
Қазақстан - Аргентина (топтық кезең)
31 шілде
09:30-10:35
ОАР - Қазақстан (топтық кезең)
2 тамыз
10:50-21:15
Плей-офф/қосымша ойындар
4 тамыз
10:50-22:35
Ширек финал
6 тамыз
10:50-22:35
Жартылай финал
8 тамыз
14:00-23:05
Финал
Әйелдер
Өтетін күні
Уақыты
Команда1/Команда2
26 шілде
10:50-11:55
Қазақстан - Испания
28 шілде
21:30-22:35
Канада - Қазақстан
30 шілде
17:30-18:35
Қазақстан - Жаңа Зеландия
1 тамыз
10:50-21:15
Плей-офф/қосымша ойындар
3 тамыз
10:50-22:35
Ширек финал
5 тамыз
10:50-22:50
Жартылай финал
7 тамыз
14:00-23:05
Финал
Күнсұлтан Отарбай