Су тапшылығына байланысты дақыл егілген 7,8 мың гектар алқап зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасы жағынан судың аз ағып келуіне байланысты Жамбыл облысында шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті. Үкімет отырысында баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай деректер келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қырғыз Республикасы жағынан судың аз келіп түсуіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті. Оның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектарды құрайды. Өңірлік ауқымда төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығындарын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп баяндады Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, министр құрғақшылыққа байланысты дәнді дақылдар алқабының 7,5 пайызы нашар күйде екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар