19:36, 12 Сәуір 2024 | GMT +5
Су тасқыны: 6 облыста республикалық маңызы бар 13 жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпаратты жариялады.
«12 сәуірде сағат 19:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай, ШҚО) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8715 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды», — деп жазды ведомстводан.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 724 бірлік техника мен 1851 адам жұмылдырылған.