Су тасқыны: Астанадан СҚО-ға қосымша 300 әскери қызметші жіберілді
АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқыны салдарымен күресу және алдын алу жұмыстарына қосымша күш ретінде Астанадан Солтүстік Қазақстан облысына әскери қызметшілер жіберілді.

«Солтүстік Қазақстан облысына аумақтық қорғаныс бригадасының 30 әскери қызметшісі Петропавл қаласының шетінде саяжайлар алабында 1 мың қап құм дайындап, Есіл өзенінің бөгетін күшейту жұмыстарын жүргізді. 8 сәуірде облыс әкімінің өтініші мен Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қарулы күштерден Астана қаласынан қосымша 300 әскери қызметші бөлінді», - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Петропавлда су басу қаупі бар «Қызылжар су» кәсіпорны бөгеттерді нығайтып жатқаны туралы хабарлаған едік.
Айта кетсек, СҚО-да өткен тәулікте 5 елді мекеннен 178 адам қауіпсіз жерге шығарылды.