Су тасқыны басқан өңірлерде жанар-жағармай жеткілікті ме

газ АЗС
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрлігі су тасқыны басқан өңірлерде бензин мен дизель отыны жеткілікті екендігін мәлім етті.

«Халықтық» АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы елдің барлық аумағында, бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бірдей деңгейде қалып отыр. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде арнайы техника үшін дизель отынының қорлары жеткілікті және тәулік бойы әрі үздіксіз толтырылады», — деді министрліктен. 

Ведомствоның нақтылауынша, су тасқыны қаупі әлі де жоғары 5 облыста дизель отының мынадай көлемі бар:

— Атырау облысы — 48 мың тонна (43 күнге жеткілікті);

— БҚО — 16 мың тонна (40 күн);

— СҚО — 51 мың тонна (83 күн);

— ШҚО — 20 мың тонна (26 күн);

— Қостанай облысы — 47 мың тонна (41 күн).

Сондай-ақ, бұл өңірлер автобензиндермен (5-38 күн) және авиаотынмен (5-7 күн) қамтамасыз етілген. Олар да үздіксіз толтырылады.

«Энергетика министрлігі жанар-жағармай бойынша мамандандырылған Республикалық қызмет құрды. Кез келген өңірдегі төтенше жағдайды жоюға тартылған Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, әкімдіктердің бөлімшелері басым тәртіппен және тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Төтенше жағдай аймақтарының қашықтығына байланысты 1-18 сағат ішінде жанар-жағармай жеткізу үшін 111 автоцистерна жұмылдырылды немесе жедел дайындықта (қажет болған жағдайда автоцистерналар саны ұлғайтылады) тұр. Министрлік жанар-жағармай жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор («ҚазМұнайГаз-Аэро / ҚМГА» ЖШС) желісі бойынша ТЖ режимінде жұмыс істейтін Атырау облысы мен Атырау қаласының әкімдіктеріне қосымша 371 мың литр дизель отыны және 24 мың литр АИ-92 автобензин бөлді. Қажет болған жағдайда еліміздің кез келген өңіріне жанар-жағармай мен автоцистернаның қосымша көлемі бөлінеді», — деді ведомстводан.

Жалпы, қазіргі уақытта ел бойынша жанар-жағармайдың мынадай қоры бар:

— автобензиндер — 480 мың тонна (33 күн);

— авиаотын — 107 мың тонна (56 күн);

— дизель отыны — 610 мың тонна (39 күн);

ЖЖМ қорлары тәулік бойы толтырылады және жөнелтіледі.

Соңғы жаңалықтар