Су тасқыны: Есіл өзенінің арнасына 1400 қап төселді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Су тасқыны
Фото: Видеодан алынған кадр

Елордалық құтқарушылар су тасқынының салдарын барынша азайтуға және елді мекендерді қорғауға бағытталған жұмыстарды атқаруда.

- Қазіргі уақытта Жарқайың ауданының Державинск қаласында Есіл өзенінің арнасы бойынша бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 200 метрге жуық 1400 қап төселген, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Бұған дейін Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар