Су тасқыны: интернеті нашар ауылдар Starlink жүйесіне қосылмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Елдегі су тасқынына қарамастан балаларға білім беру жұмысы жалғасып жатыр. 

Starlink
Фото: pixabay.com

«Интернет жылдамдығы нашар ауылдық мектептерді Starlink жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, былтыр Үкіметте интернет жылдамдығы нашар 2000 ауыл мектебін Starlink жоғары жылдамдықты интернетке қосу мәселесі талқыланған еді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай еліміздің топан су басқан өңірлерде 80 білім беру ұйымы онлайн оқу форматқа көшті. Сонымен қатар балаларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар