Су тасқыны. Ұлытаудың ТЖ құрамы «жоғары дайындық» режиміне көшті

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысының аумағын көктем мезгіліндегі су тасқынынан қорғау мақсатында облыс әкімінің өкімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде.

Паводок Су тасқыны
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес қазіргі уақытта құрам «жоғары дайындық» режимінде.

Тиісті қалалық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қоры дайындалды: 

— 72 тонна жанар-жағармай;

— 10,5 тонна азық-түлік;

— 4000 тонна инертті материал;

— 14 000 дана қап.

Су тасқынын болдырмаудың тағы бір жолы — елді мекендерде жүйелі түрде қар күреу жұмыстары.

— Бүгінгі таңда облыс аумағында 250 мың м3 қар шығарылған, жұмыстар жалғасуда. Ұлытау облысының аумағында зардап шеккен халықты уақытша қабылдауға арналған 44 қабылдау пункті дайындалған. Бұл орындардың жалпы сыйымдылығы 34218 адамды құрайды, — делінген хабарламада. 

Жоспарға сәйкес су тасқынына бейім елді мекендерді, су тасқынына қарсы бөгеттерді, гидро техникалық құрылыстарды, автомобиль жолдарын, эвакуациялық пункттерді сонымен қатар жұмылдырылатын күш құралдарды негізге ала отырып топографиялық карта әзірленді.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков су тасқынына дайындық барысын тексерді.

Соңғы жаңалықтар