Су тасқынына байланысты БҚО-ның тағы екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

БҚО ТЖД
Фото: БҚО ТЖД

ОРАЛ. KAZINFORM - Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысы Сырым және Бөрлі ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Сырым ауданы әкімінің биылғы 28 наурыздағы шешімі шықты. Сондай-ақ Бөрлі ауданы әкімінің бүгінгі шешімімен төтенше жағдай жарияланды.

Осыған орай аталған ауданда қажетті іс-шаралар атқарылады. Бұған дейін облыста Орал қаласы және Қаратөбе, Теректі аудандарында төтенше жағдай жарияланған еді.

Сонымен қатар қиын жағдайға душар болған тұрғындарға көмек көрсету мақсатында қайырымды азаматтар үшін өңірде «Ақжайық» қоры ашылды.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда суға кеткен ауылдан тұрғындар тікұшақпен эвакуацияланып жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-ның Қаратөбе және Теректі ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Су тасқынына дайын болу үшін Орал тұрғындарына ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар