Су тасқынына байланысты қазақ-орыс шекарасында көлік жиналып қалды

кеден
Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады. 

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.

«Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз» дейді комитеттен. 

Соңғы жаңалықтар