Су тасқыны: Арыс қаласына да қауіп төнді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Тасқын су Арыс қаласына да қауіп төндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Арыс қаласындағы Қабылсай табиғи арнасы суға толды. Қазір қала тұрғындары мен 200-ден астам әскери қызметкер құм салынған қаппен жол жиектерін жауып жатыр. Әзірге 1 үйдің ауласына су кірген.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова су басқан аймаққа барып, тұрғындармен кездесті. Әрбір әкімдік қызметкерінің кезекшілікте жүргенін айтып, қауіптің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Бір қызығы Арыс қаласына жаңбыр жаумаған. Тасқын су көрші аудандардағы нөсер салдарынан жыралар арқылы ағып келген.

Айта кетейік, Түркістан облысында жауға нөсер мен қардың еруі салдарынан бүгін таңертең бірнеше елді мекенді су басып қалды.


Соңғы жаңалықтар