Су тасқыны: Глубокое ауданында 1 мамырға дейін барлық үйлер жөнделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі кезекті рет Глубокое ауданында қарғын судан зардап шеккен елді мекендерге ат басын тіреді. Комиссия шешімі бойынша ауданда 10 үй тұруға жарамсыз деп танылған. Қалғандарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
None
None

Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысының айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары мамырдың біріне дейін толық аяқталады. 

Глубокое ауданында төтенше жағдай тұрақталып қалды. 626 адам үйлеріне оралып, қазіргі уақытта Белоусовка кентінің 17 тұрғыны ғана эвакуация бекетінде тұрып жатыр. 184 үйге техникалық зерттеу жүргізіліп, бағалау және келтірілген шығынды өтеу бойынша 169 құжат қабылданды. Зардап шеккен тұрғындардан арыз алу және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмысы әлі де жалғасып жатыр.     

«70 үйді ресімдеу жұмыстары алдағы сенбі күні аяқталып, тұрғындарға беріледі. 143 үйді жөндейміз. Бүгінде 72 баспананы қалпына келтіру ісі басталып та кетті. Айта кету керек, мамандар білікті, өз ісінің шеберлері. Барлық жұмыс осы айдың аяғына дейін бітуі тиіс. Осылайша, адамдардың алдындағы қарғын су залалын жою бойынша жұмыстары бітеді. 1 мамырда осы науқан толық аяқталатынына сенімдімін», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.  

Аймақ басшысы Прогресс, Предгорное ауылдары мен Белоусовка кентіндегі жөндеу жұмыстары басталған бірқатар үйлерді аралап көрді. Иелерімен кездесіп, істің барысы мен сапасын саралады. Жалпы үйлердегі ТЖ салдарын жою үшін 6 ірі құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Атап айтқанда, «Элхон», «ТехноГрупп», «Джа-Кар Стройсервис», «ВостокВзрывпром». «Оптима стройсУК» мен «Ремстройсервис 1994».

Даниал Ахметов, сондай-ақ, Глубочанка және Красноярка өзендері бойына қайта жасалған дамбаларды да көрді. Жалпы облыс бойынша жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Зырян ауданында 29 үйден су сору жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар