Су тасқынынан мал да, тұқым қоры да зардап шекті

ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы су тасқынынан мал да, тұқым қоры да зардап шекті.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша 81 ірі қара, 407 ұсақ мал, 42 бас шошқа өлім-жітімге ұшыраған. Мұндағы шығын көлемі 15 млн. теңгені құрады.

Су тасқыны ауыл шаруашылығы жерлеріне аса көп зиян әкелмегенімен, «Каркула», «Матевосян» шаруа қожалықтарындағы тұқым қорына елеулі нұқсан келді. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 107 млн. теңгеге жеткен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум