Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған есепшот ашылды

ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған «Ақжайық» жеке қорының есепшоты ашылды.
None
None

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұрын-соңды болмаған су тасқыны салдарынан БҚО-да 1500-дей тұрғын үйді, 7200 саяжай үйлерін, 21 мектеп, 10 балабақша, 8 денсаулық сақтау және 5 мәдени-көпшілік нысанын, сондақ-ақ өндіріс орындарын су басқан.

Тек билік органдарының дер кезінде қабылдаған шұғыл ұйымдастырушылық шараларының арқасында 6131 тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді, оның ішінде 1582-сі - балалар. 1028 адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.

Су тасқыны бірнеше бөгеттерді, республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды бұзып, телефон және электр желілері мен стансаларын істен шығарды.

Мыңдаған адам мүлкінен, мал-құсынан айырылды. Шығын мөлшерін анықтау жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарын жүргізуде.

Осы жағдайға байланысты «Ақжайық» жеке қорынан су тасқыны зардаптарын жою мақсатында қаражат жинаумен айналысатын банктік есеп-шот ашылды.

«Ақжайық» жеке қоры

РНН 270100218807

БИН 030540003364

ИИК KZ276010181000145685

БИК HSBKKZKX

АО «Народный банк Казахстана»

Кбе-18

Соңғы жаңалықтар
Референдум