Су тасқынынан зардап шеккендерге жастар да қолұшын созуда - БҚО

ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жастар да қолұшын созуда.
None
None

Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Арайлым Ерешева хабарлады. Оның айтуынша, арнайы еріктілерден жасақ құрылып, көмек қорын қабылдайтын пункттер ашылған болатын. Бұл пункттерде ерікті жастар келген көмекті қабылдап, оны реттеп, жинастыру жұмыстарына жұмылдырылды. Жасақ құрамында жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері бар.

Сонымен қатар су тасқыны орын алған аумақта қолұшын беруге «Жас саясаткерлер мектебінің» тыңдаушыларынан ерікті жасақ құрылып, бөгеттерді бекіту жұмыстарын атқаруда.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жалпы, жастар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созуда белсенділік танытып жатыр, сонымен қатар барша қазақстандық жастарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлік танытып, белсенділік көрсетуге шақырамыз. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақ жұрты қай кезеңде де қиындыққа мойымағаны мәлім. Жерлестеріміздің басына түскен апаттан аман шығатынымызға біз, жастар, сенімдіміз», - дейді А.Ерешева.

Соңғы жаңалықтар
Референдум