Су тасқынының алдын алу мәселесіне байланысты тиісті құрылым басшылары хабарлама жасады

ҚЫЗЫЛОРДА.  Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда  облысының  әкімі Болатбек Қуандықовтың төрағалы­ғымен Әйтек және Қараөзек су тораптарында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі штабтың кезекті жиыны болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда су тасқынының алдын алу мәселесіне байланысты тиісті құрылым басшылары хабарлама жасады. Қазіргі күні  жоғары су қоймаларында 20,5 млрд. текше метр су жиналған. Ол өткен жылмен салыстырғанда, 5,9 млрд. текше метрге артық. Бұл орайда Шардара су қоймасында 2,9 млрд. текше метр су жиналып, төменгі ағысқа секундына 550 текше метр су жіберілуде.

Төтенше жағдайды болдырмау және мұз жару жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру мақсатында облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы «Югвзрывпром» АҚ филиалымен келісім-шарт жасасып, арнайы жарылғыш заттар қорын жасақтап алды.

Дәл қазір Қызылорда су торабынан секундына 313 текше метр, Әйтек су торабынан 200 текше метр, ал Қараөзек су торабынан 100 текше метр су өтуде. Сондықтан әзірге қауіпті құбылыс орын алмайды, яғни, барлық су жүйелері қатаң бақылауға алынған.

Соңғы жаңалықтар