Судья лауазымына неше жастан бастап кірісу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Судья лауазымына неше жастан бастап кірісу керек? «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР ҚР Жоғарғы сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин осы сауал төңірегінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Судьяның жұмысы адамдардың тағдырымен тікелей байланысты. Сондықтан мұнда өмірлік тәжірибе, тепе-теңдік және бейтараптық маңызды. Соттар да тірі организм сияқты дамиды. Тәуелсіздіктің басында, тоқсаныншы жылдары көптеген даулар күштінің пайласына шешілгенін білеміз. Сотқа жүгіну осы кезде белең алып бастады. Дау-дамайлар саны, өркениетті көзқарас өсіп, судьялар саны артты. Дауларды шешу жолдары біртіндеп соттарға ауысқаны өте жақсы. Азаматтардың кез келген проблема бойынша сотқа жүгінуі қоғам сот жүйесіне сенетінін көрсетсе керек», - деп түсіндірді Қанат Мусин.

Оның айтуынша, жүйенің шамадан тыс жүктемесі секілді проблема бар.

«Сот жүйесі құлдырады деп айтқым келмейді. Бірақ, сотта шешілуі керек ұсақ даулар көбейе бастады. 2018 жылы судиялар 4,5 млн істі қараған екен. Ал елімізде ауданнан жоғарғы деңгейге дейін 2 600 судья бар. 4,5 істі 2 600-ге, одан кейін 12 ай мен 30 күнге бөлсек, судьяның жүктемесі соншалық ауыр екенін көреміз. Күніне бір сотта 812 шешім қабылдану қажет болды. Балғаның үнімен штампталған шешімдер көбейді деуге болады. Бұған қоғам өз наразылығын білдіре алды. Қоғам соттың азаматтар проблемаларына аса бас қатырмайтынын байқай бастады. Сондықтан судьялар корпусын құруға тура келді. Кадр тапшылығы болған кезде, дайындықтан өтпеген кандидаттар келді», - деп түсіндірді Қанат Мусин.

Оның айтуынша, сот жүйесін реформалау барысында судиялар корпусына мамандарды іріктеу қатаң тәртіппен жүргізіле бастаған.

«Біз қатаң HR сүзгісін енгіздік. Олар жүйені әлсіз заңгерлерден аластай білді. Әлсіз заңгерлер үшін судья мамандығына жол жабылды», - деді ол.

Бағдарлама барысында Қанат Мусин болашақ судьялардың қызметке қалай дайындалып жатқанын датүсіндірді.

«Дайындық кезеңі 1,5 жылдан асады. Осы уақыт ішінде үміткерлер эссе жазады. Олар неге судья болғысы келетінін баяндайды. Мінез ерекшелігін анықтау үшін тестілерден, психика, физиология сынауларынан өтеді. Содан кейін академияда оқудан өтеді. Оқудың қорытындысы ретінде емтихан тапсырады. Бұл сүзгілер судья ретінде моральдық тұрғыдан дамып үлгермеген немесе құзыреттілігі жеткіліксіз адамдарды шығарып отыруға көмектеседі. Өзі туралы жібі түзу сипаттама жаз алмаған адам ертең жөнді шешім де шығара алмайды. Шығарғанның өзінде онысын негіздей алмайды. Ал судьяның шешімінен бреудің тағдыры шешіледі. Бізде 30 жастан бастап судья болуға болады. Әрине, өмірлік тәжірибе маңызды. 100% үміткердің 6-дан 8%-ға дейін ғана сүзгіден өтеді» - деді ҚР Жоғарғы сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.


Соңғы жаңалықтар