Судьялар балаларға тарту жасады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін «Балаларды қорғау күні» мерекесінің алдында облыстық сот төрағасы Н.М.Қайырбеков пен Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы И.М.Сматов Макаренко атындағы жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатынына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков балаларға мықты денсаулық, бақытты балалық өмір, биік белестерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.

Одан кейін сыйлықтар тарту етіліп, өз кезегінде мектеп - интернатының ұжымы жүрекжарды алғыстарын айтты. «Жетім көрсе, жебей жүретін» Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы тек мереке қарсаңында ғана емес, тұрақты түрде ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл бөліп, сыйлықтарын тарту етуді дәстүрге айналдырған.

Соңғы жаңалықтар