09:27, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Судьялар одағының Павлодар филиалы бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жариялады
ПАВЛОДАР. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Павлодар филиалы мен облыстық соты соттардың қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік материалдарға конкурс жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Журналистер арасында жарияланып отырған шығармашылық бәйгенің негізгі мақсаты - сот реформасын насихаттау, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу, олардың конституциялық құқықтарын қорғау. Конкурс шарттары бойынша, ұсынылған материалдар азаматтарды сот билігі туралы кеңінен хабардар етуі, олардың сотқа деген сенімдерін арттыруы керек.