Суданда джинсы кигені үшін студент қызды қамшымен сабады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Судан еліндегі Хартум қаласының соты 19 жастағы Фартос Әл-Тумды джинсы шалбарын кигені үшін қамшымен 20 рет сабау жазасына кесті.
None
None

Оның қорғаушысының айтуынша, бойжеткен 25 маусымда жергілікті шіркеуге жақын жерде ұсталған. Заңға сүйенген судья осындай киім кию әдепке жатпайды деген шешім шығарды.

Бұдан басқа, Әл-Тумға 500 судан фунты (шамамен 82 доллар) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.

Әл-Тумға қолдау білдіру үшін Amnesty International құқық қорғаушылары ғаламторда Судан билігіне арнаған үндеудің астына адамдардың қолдарын жинай бастады. Қазіргі кезде петицияға 40 мыңнан астам адам қол қойған.

Соңғы жаңалықтар