Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза болғандар саны 459 адамға жетті

«Қақтығыстарда 459 адам қаза тапты, 4 075 адам жарақат алды, менің ойымша, олардың нақты саны әлдеқайда көп», - деп келтіреді Al Jazeera ұйым өкілінің сөздерінен.
Суданда армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс екінші аптаға созылды. Хартум тұрғындары соғыс жүріп жатқан аймақтарда тұрып жатыр, себебі әскери штаб пен президент сарайы сияқты бірқатар нысан тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Көптеген отбасылар жарықсыз, сусыз қалды. Тұрғындар үйлерінен азық-түлік пен су алу үшін немесе қаладан қашу үшін ғана шығады.
Бұған дейін Суданның Азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігін 30 сәуірге дейін жабуды бұйырған болатын. Бірқатар әлемдік көшбасшы Судандағы қақтығысқа қатысушы тараптарды жұма күні басталған Ид әл-Фитр (Ораза айт) кезінде атысты тоқтату режимін ұстануға шақырды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те бейбіт тұрғындарға қауіпсіз жетуге мүмкіндік беруге үндеді.
Бұған дейін Қазақстанның Суданнан өз азаматтарын қауіпсіз жерге эвакуациялағаны туралы хабарланған болатын.