Суды уақтылы өшіруді ұмытпау керек - Алматы әкімі тарифтердің қымбаттауы туралы
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы тұрғыны қаңтар айында коммуналдық қызметтің ақысы 3 есе өскенін айтып шағымданды.

Өз жауабында Ерболат Досаеа мегаполисте суды тұтыну көлемі бойынша саралау жүйесін енгізгілгенін айтты.
- Шын мәнінде, тарифтер бойынша апатты ештеңе болған жоқ. Біз тұтыну көлемі бойынша саралау жүйесін енгіздік, енді есепшоттар тәртіпке келеді. Өйткені біз бір адамға шамамен қанша қажет екенін есептеп, тұтыну мөлшерлемесін өзгерттік. Біз Алматыда тұрғындардың суды пайдалануға ұқыпты қарағанын қалаймыз. Су қажеттіліктерге қарай ұқыпты пайдаланылса, біз қойған мөлшерлеме бір адамға толықтай жетеді. Тек кранды уақтылы өшіруді ұмытпау керек, - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ шаһар басшысы судың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, су қорын пайдаланудың мөлшерін азайту керек.
- Су біздің басты байлығымыз болады. Біз қазір қосымша жерасты су көздерін анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ бізде жеткілікті су қоры бар. Десе де, әрі қарай судың сапасын жақсарту және оны пайдалануды азайту үшін күресеміз, - деді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу мен ыстық су бағасы неліктен өскенін жазғанбыз.