Судья үзіліс жариялады: Шерзат соты 5 мамыр күні жалғасады

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтті.

Шерзат соты
Фото: Видеодан алынған скрин

Судья Ержан Жанұзақов сот отырысында үзіліс жариялады және келесі сот отырыстары 5-6 мамыр сағат 10:00–де өтетін атап өтті. Одан кейінгі сот отырыстары 15-16 мамыр күндері болады.

Бүгін сотта Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді.

Сонымен қатар оқиға орнына алғаш барған полицейлер куәлік берді.

Кеше сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді.

Одан кейін екінші куәгер қыз Дана Жақсыгелді оқиға туралы баяндады.

Бұған дейін сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.

Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева да қайғылы оқиға қалай болғанын еске алды.

Еске салайық, прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады. 

Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды. 

Биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. 

Соңғы жаңалықтар