Судың есебін дұрыс жүргізу қолға алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Кеше Қызылорда қаласының әкімі Мұрат Ергешбаев қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында журналистерге арнап брифинг өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың төрағалық етуімен өткен мәжілісте талқыланған болатын. "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржы-шаруашылық жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы ? таратылған судың есебін дұрыс жүргізу болып табылады. Бүгінде Тасбөгет қыстағындағы бас су қоймасы мен қаладағы 46 скважинаға есептегіш құралдары қойылуы керек. Бас су қоймаға өткен жылы "Мелиоратор" ЖШС 2 ультрадыбысты есептегіш орнатқан болатын. Ал алдағы уақытта 11200 мың теңгеге 7 есептегіш қойылады. Сондай-ақ қала бойынша су пайдаланушылардың 91 пайызы ғана есептегіш орнатқан. Аталған қондырғыны орнатудағы негізгі мақсат ? нақты көрсеткіштерге қол жеткізу. "Қызылорда су жүйесі" МКК-ның келешектегі жұмысы туралы айтқан қала басшысы алдағы жылдары қала іргесіндегі "Қызылжарма" кен орнын игеру қолға алынатынын атап өтті. Қызылорда қаласындағы ауыз суға төленетін төлем республиканың басқа қалаларымен салыстырғанда анағұрлым төмен. Сондықтан табиғи монополияларды реттеу департаментіне құжаттар өткізілді. Сәуірдің 1-інен бастап, тарифте өзгерістер болуы мүмкін. Бұл жерде көлік жуу орындары мен моншаларға арнайы баға бекітіледі. Ал жалпы жұртшылық пайдаланатын ауыз суға неғұрлым қолайлы баға белгілеу ойластырылуда.
Соңғы жаңалықтар