12:55, 02 Шілде 2025 | GMT +5
Суэц шығанағында баржа аударылды

Министрліктің мәліметінше, Adam Marine 12 Қызыл теңіздің Габал Эль-Цейт аймағында – Мысырдың ең маңызды сауда артериясы Суэц каналынан оңтүстікке қарай 300 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл аймақ Қызыл теңіздегі негізгі мұнай өндіру орындарының бірі саналады. Оқиғаның каналдағы навигацияға әсер етпейтіні айтылды.
Дереккөздер бойынша, аталған оқиғадан кейін кем дегенде төрт адам қаза тапты, алтауы із-түзсіз жоғалып кетті, тағы 21 адам құтқарылды. Дереккөздердің хабарлауынша, кеме кешкі уақытта жаңа орынға бара жатқан жолда аударылған.
Бұған дейін Ливия жағалауында миллион баррель мұнай тасымалдаған Vilamoura танкерінде жарылыс болған. ҚР Энергетика министрлігі борттағы мұнай қазақстандық мұнай емес деп мәлімдеді.