Суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарған қызылордалық марапатталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласының әкімдігі Сырдария өзенінде суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарып қалған Николай Гайдайға құрмет көрсетті.
Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға кезінде бірнеше жасөспірім өзен жағасында шомылып жүрген.
— Сол сәтте өзен жағасында балық аулап отырған Николай Гайдай жасөспірімнің өміріне қауіп төнгенін дер кезінде байқап, еш ойланбастан көмекке ұмтылған. Нәтижесінде жасөспірімді жағаға аман-есен шығарып, оның өмірін сақтап қалды. Азаматтың батыл әрекеті мен жоғары жауапкершілігі ескеріліп, оған қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сый-сияпаты табыс етілді, — делінген хабарламада.
Оқиға Сырдария өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген аумағында болған. Құтқарушылар осы орайда тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға шақырды.
Ал жақында біз Ақтөбеде бір күнде үш адам суға батып кеткенін жаздық.