08:31, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сухумда Абхазия Ішкі істер министрінің орынбасарын атып кетті
СУХУМ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Сухумда Абхазияның Ішкі істер министрінің орынбасары Закан Джугелияны атып кетті.

Республика үкіметінен хабарлағанындай, белгісіз қылмыскерлер оны қаладағы дәмханалардың бірінде атып өлтірген. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, қылмыстың мән-жайы анықталуда. Алдын-ала мәліметтер бойынша, қылмыс З.Джугелияның жұмысымен байланысты болуы мүмкін ? ол аса ауыр қылмыстарды ашу жұмыстарын үйлестірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.