Суицидтің алдын алу үшін не істеу керек

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзі елдерінің арасында Қазақстан суицид саны бойынша өкінішке қарай жетекші орында. Өзіне қол жұмсайтындардың көбі — 15-19 жас аралығындағы жас өспірімдер. Мұндай әрекетке баруға қандай себептер итермелеуі мүмкін? Оны алдын алудың қандай жолдары бар? Осы екі маңызды сұрақты талқыға салайық.

суицид
Фото: Pexels

Жақындармен қарым-қатынас әр адам баласына, әсіресе, жасөспірімдерге тұрақты қарым-қатынас керек. Әр күннің қалай өткенін, қандай қызықтар, келеңсіз жайттар болғанын бөлісіп отыру өте маңызды. Ата-ана баласының материалдық жағдайын толық қамтамасыз етуге тырысады. Ақша негізгі күнкөріс көзі болғандықтан, қазір барлығы жұмысбасты.

Жұмыстан қол босай қалған уақытта демалу керек. Ал әңгімелесу, сыр шерту мүлдем бөлек дүние. Жақынының назарынан тыс қалған бала оны сырттан іздейді. Үй іші оның араласып жүретін достарымен таныс болмауы да мүмкін. Уақытының басым бөлігін әлеуметтік желіде өткізетін бала бос уақытта немен айналысып жатқанын ата-ана тағы білмейді. Осыдан кейін баладан не күтесіз? Не нәрседен қиналып, неден қорқып жүргенін кімге айтады?

Қысым. Психологиялық қысым балаға жан жақтан келуі мүмкін. Баланың көп уақыты мектепте өтеді. Ұстаздары ауыр сөз айтып, ұрсатын кездері болады. Әр адамның қабылдауы әртүрлі. Жүрегіне әр сөзді жақын қабылдайтын оқушы өкпе-ренішті өзіне жинай береді.

Өтпелі кезеңде көп жасөспірім қолдауға мұқтаж болады. Ал қолдау күткен кезде оның орнына ұрыс естіген сәт-ең қиыны. Бұл жерде ұстаздарға кінә артуға болмайды. Себебі, оның алдынан түрлі оқушылар да өтеді. Дегенмен, әр айтылған сөздің киесі болатынын ұмытпаған жөн. Үлкендерден әлімжеттік көрсетілетін оқиғалар да жиі ұшырасады. Баланы айналасындағылар кемсітеді, мазақ қылады, қысым көрсетеді, сөгеді. Осының өзі жас жүректің сезімін табаламай ма? Қарастырылған мәселелер сіз үшін ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Дәл осы ұсақ-түйек адамдардың тағдырын шешіп жатқанын аңғармайсыз да. Сол себепті суицидтің алдын алу үшін аталған себептерге кері амал жасау керек.

Айта кетелік СҚО-да волонтерлер суицидтік мінез-құлықты анықтауға үйренген еді

Соңғы жаңалықтар