«Сүлеймен сұлтан» телехикаясында ойнаған танымал түрік актері Б.Озчивит алғаш рет Қазақстанда болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал түрік актері, бұрынғы модель Бурак Озчивит Алматы мен Астана қалаларында болып қайтты. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
None
None

Сонымен қатар ол «Махаббатым саған ұқсайды» фильмінде алғаш рет продюсер қырынан танылып отыр. Ол біздің елімізге дәл осы фильмнің тұсаукесерін өткізу үшін арнайы келген.

«Сүлеймен сұлтан» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды. Оның айтуынша, алдағы уақытта телехикаяның жалғасы түсірілуі әбден мүмкін.

Белгілі актер қазақстандық режиссерлардан киноға түсу туралы ұсыныс түсіп жатса, оған әбден дайын екенін де жасырмады.

23 мамыр күні Бурак Озчивит «Қазақстан» телеарнасының түсірілім алаңына келіп, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» түнгі шоуының қадірменді қонағы болды. Ол Нұрланның бірнеше сұрақтарына жауап беріп, қазақтың ұлттық тағамы - құртты жарнамалап, баскетбол ойнады. Осы және басқа да қызықты жайттар жайлы актердің қатысуымен өткен бағдарлама «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 26 мамыр күні сағат 23.30-да шығады.

Бурак алғаш рет киноға 19 жасында түскен. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі екінші орынды иеленеді.

Соңғы жаңалықтар