Сүлейменов 5 пайыздық инфляция межесі туралы: Арықтағыңыз келсе, мақсатыңыз айқын болу керек
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында инфляция дәлізін 5 пайыз көлеміне түсіру туралы меже өзгермейтінін айтты.

— Шындығында 5 пайыздық инфляция межесі өзгермеу керек деп ойлаймыз. Бұл межеге жету жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін екені анық. Инфляцияны ушықтыратын фактор көп. Бұл — тариф реформасы, баға реформасы, экономикадағы артық ақша, белгілі бір сыртқы баға қысымы және т. б. Бұл факторлар инфляция мақсатына жетуді баяулататыны анық. Бірақ оны ауыстыру, біздің ойымызша, мүлдем мүмкін емес және кері әсер беруі мүмкін. Мақсатты неғұрлым көп өзгертсеңіз, оған деген сенім соғұрлым төмендей береді, — деген Ұлттық басшысы бұл ұстанымды қарапайым мысалмен түсіндірді.
Министр 5 пайыздық инфляция туралы қарапайым мысал келтіріп кетті.
— Мен бұған қарапайым мысал келтірер едім. Егер мен артық салмақтан арылғым келсе, бастапқы мақсатымды өзгертпеуім керек. 10 килограмм арықтаймын деп шештік дейік. Бұл межені бір рет өзгертсем, кейін 5 килограмға немесе 3 килограмға деп төмендете беруім мүмкін. Олай болмауы керек. Біз инфляция экономикалық өсімге, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге, жақсы инвестициялық ортаға сәйкес келетін деңгейде болғанын көргіміз келеді. Бұл деңгей — 5%, — деді Тимур Сүлейменов
Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды.