Сұлтанбек Айбарұлы финалда Өзбекстан боксшысын жеңіп, чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогінің ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Сұлтанбек Айбарұлы
Фото: ҚР ҰОК

85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.

Бұған дейін, жартылай финалда Айбарұлы Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахенді төрешілердің шешімімен жеңді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогі финалында 20 қарашада ел құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар