Суперкубокта «Қайрат» басымдықты тағы бір голға арттырды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогындағы «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе» кездесуінде қызыл қағаз көрсетілді.

Дәл қазір «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп жатыр. Голды 58-минутта алматылық клубтан Элдер Сантана салcа, одан кейін Валерий Громыко 85-минутта екінші голдың авторы атанды.
Ойынның 62-минутында алматылық клубтан Еркін Тапалов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Айта кетсек, ойынның 70-минутында алматылық клубтан Дастан Сәтпаев жасыл алаңға шықты. Ол биыл «Челси» клубына ауысты.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады.
Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.
Қазірге дейін «Ақтөбе» 2008, 2010, 2014 жылдары үш мәрте суперкубокты төбесіне көтерсе, «Қайрат» 2016, 2017 жылдарда екі мәрте жеңімпаз атанды.
Ақтөбелік клуб өзі қатысқан суперкубоктың барлығында жеңсе, алматылық команда 2015, 2018, 2019, 2022 жылдары қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Осыған дейін «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуінде алғашқы гол соғылғанын жаздық.