18:24, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Сұранысқа ие мамандық жұмысқа орналасуға кепілдік береді - Павлодар
ПАВЛОДАР. 29 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша бес топ кәсіби оқуларын аяқтады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Медбике курсында оқыған барлық әйелдер жұмысқа орналастырылған, ЭЕМ-ның операторлері де жұмыссыз қалмайды.
«Бірден жұмыс таба алмағандарға жұмыспен қамту орталығы көмектеседі, деп атап өтті әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы Қайрат Нұрмағамбетов. - 91 мекемемен келісім шарт жасалып, 527 әлеуметтік жұмыс орны құрылған ».
Павлодардың ауылдық аумағынан келген 4 қатысушы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына атсалысты. Олар жылыжай және наубайханаға қатысты бизнес-жоба дайындап, 10 миллион теңге сомасына шағын кредит алды.