Су саласы жеткілікті деңгейде цифрландырылмаған — вице-премьер

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су саласын цифрландыру мәселесін көтерді.

су қоймасы
Фото: Үкімет

— Бүгінде ел аумағындағы 42 су қоймасын салу немесе жаңғырту жоспарда бар. Сонымен қатар, бірінші кезекте 14,5 мың шақырым магистральді каналдарға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының өте қатаң талабы бар — су шығынын азайту керек. Ол үшін біз саланы цифрландыруымыз қажет. Өкінішке қарай, бүгінде цифрлық технологияға жетуіміз әлі де алыс, бірақ біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Су шығынын нақты уақытта көріп отыруымыз керек, — деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін вице-премьер биыл елімізде 105 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізілетінін айтты. 

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев артта қалған өңірлерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға басымдық берілетінін айтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар