«Сүйікті қалам - Астана!» - қызылордалық жас суретшілер арасындағы байқау

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қызылордадағы «Арай-Санрайс» лагерінде Астана күніне орай тынығушы балалар арасында «Сүйікті қалам - Астана!» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
None
None

Оны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда жастары» қауымдастығы ұйымдастырды.

Астанамыздың туған күніне орай ұйымдастырылған сурет салу байқауының мақсаты лагерьде тынығушы оқушылар арасында елімізге, ел ордамыз - Астана қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әрбір бала бойынан елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді оята отырып, балалардың бойындағы талаптарын одан әрі жетілдіру болып табылды.

Байқауда 9-13 жас аралығындағы бүлдіршіндер бақтарын сынады. Олар негізінен Астана қаласының символдары - «Бәйтерек» пен «Хан шатырды», жайқалған жасыл желек пен ашық аспанды, Ақорда мен әсем ғимараттарды асфальтқа салды.

Байқау қорытындысында бірінші орынға Әділжан Құдайберген, екінші орынға Ақжан Жұмағұлова, үшінші орынға Ақмарал Сартова лайықты деп табылды.  Жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар