Сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйым мерзімі тағы 6 айға ұзартылады

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрлігі сұйытылған газды ел аумағынан сыртқа шығаруға салынған тыйымды тағы 6 айға ұзарту туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды.

газ
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Қазақстан Республикасының ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 14 қарашадан бастап алты ай мерзімге ел аумағынан әкетуге тыйым салады, - деп жазылған құжат сипаттамасында.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобильмен және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады.

Бұған дейін Ақтөбе қаласында сұйытылған газ талон арқылы сатылып жатқанын жазған едік.

Жергілікті зауыттар бөлген газ жетпегендіктен, Шымкенттен қосымша газ тасымалдау туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар