Суыр іні жанынан ежелгі әрі белгісіз жәдігер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Пенсильваниядағы Делавэр өзенінің жағалауында табылған жәдігер аймақтың тарихы құпияға толы екенін көрсетеді, деп жазады epochtimes.ru.
None
None

Өзен жағалауына жақын жердегі учаске иесі суыр інінің маңынан ақ балшықтан жасалған ыдысты тапты. Көзі қарақты әйел мұның тегін зат еместігін білген.

«Ақ балшықта (каолин) қоспа болмайды, үндістер өз керамикасына сол маңдағы табиғи балшықтарды пайдаланған. Сонымен қатар, Делавэр үндістерінің керамикасы әдетте қара түсті, олар табиғи қоспаларды қосатын, соның ішінде шөп пен тастарды», деп түсіндірді ол. Сондай-ақ бұл өзгеше заттың симметриялық пішіні оның құйылып жасалғанын көрсетеді. Бұл Солтүстік Американың керамикалық бұйымдарына жат нәрсе.

Соңғы жаңалықтар