Сүйрік балығын аулаған балықшыға 24 мың теңге айыппұл салынып, қайығы тәркіленді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бекіренің бір түрі - сүйрікті заңсыз аулағаны үшін балықшыға 24,2 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынды,
None
None

деп хабарлады Май аудандық сотының баспасөз қызметінен.

 Жергілікті тұрғын құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылды - ол балықты Ертіс өзені алабындағы тыйым салынған жерде рұқсат етілмеген заттар және тәсілдермен аулаған.

 Балықшыдан мемлекет пайдасына екі орындық қайығы және ондағы балық аулауға арналған барлық заттары тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар