Светлана Жақыпова «Яндекс» арқылы қызмет көрсетушілер қалай салық төлейтінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Светлана Жақыпова «Яндекс» арқылы қызмет көрсетушілер қалай салық төлейтінін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі .

Жақыпова
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

«Интернет платформаларда жұмыс істейтін азаматтардың қызметін заңдастыру үшін бірнеше шара қабылдадық. Оның ішінде әлеуметтік кодекс шеңберінде «Тәуелсіз орындаушы», «Интернет платформа операторы» ұғымдарын және тапсырыс берушілердің құқықтық мәртебесін заңнама тұрғысында бекіттік», - деді ол.

Министрлік пен Мемлекеттік кірістер комитеті «Яндекс» платформасына салық агенті ретінде құқықтық мәртебе беріп отыр.

«Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, интернет палтформадан «Яндекс» компаниясын алдық. Солармен бірге пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. Ол пилоттық жоба негізінде «Яндекс» компаниясын салық агенті ретінде танып отырмыз. Салықтың мөлшерін 4 пайыз көлемінде келісті. Неге 4 пайыз деп сұрауға болады ғой. Біріншіден, қазіргі уақытта «Яндекспен» бірге жұмыс істейтін делдалдардың табысынан 4 пайызы ұсталады. Сондықтан осы 4 пайызды қалдырдық. Бірақ олар бір төлем болып, интернет платформа арқылы өздері төлейді. Бір ғана мәселе бар. Қазіргі таңда қолданыстағы заңнама бойынша олар жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелу керек. Бірақ біз біліп отырмыз, платформаның ішінде жұмыс істеп отырған азаматттардың басқа да жұмысы бар. Сондықтан бұл пилоттық жобаға жеке, басқа салық тәртібін енгізу керек», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар