Светлана Жақыпова: Жасанды зейін әкімдердің жұмысындағы кемшіліктерді әшкерелей алады

АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкіметтің көшпелі отырысында әкімдіктердің жұмысындағы кемшілікті жасанды зейін арқылы қалай анықтауға болатынын көрсетті.

Светлана Жакупова Светлана Жақыпова
Фото: Агибай Аяпбергенов/Kazinform

Светлана Жақыпова Риддер қаласының мысалында әкімдіктердің жұмысындағы олқылықтарды жасанды зейін қалай әшкерелеп отыратынын айтты.

- Жасанды зейін тәуекел аймақтарының факторларын да анықтайды. Мысалы Риддерде кірісі жоқ 141 отбасы бар. Әкімдер осы факторлармен нақты жеке жұмыс істеуі керек. Баспанасыз отбасылардың саны – 166. Әр санның артында белгілі бір отбасы тұр. Сондай-ақ, Риддерде отбасылардың басым бөлігінде зейнетақы жарналарын төлеуші жоқ екенін көруге болады. Бұл бейресми секторда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары екенін айтып тұрған болуы мүмкін. Бұл әкімге қай бағыттағы жұмысты жетілдіру керектігін көрсетеді, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов жасанды интеллектінің көмегімен цифрлық шешімдерді интеграциялау қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар