Светлана Жолманова сот отырысына соңғы сөзін айтуға келген жоқ

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова соңғы сөзін айтуға сот отырысына келмеді. 

Светлана Жолманова сот отырысына соңғы сөзін айтуға келген жоқ
Фото: Kazinform

Сот оның қатысуынсыз істі қарауды жалғастырды.

— Сот тараптардың пікірін тыңдап, сотталушы Светлана Жолманованың қатысуынсыз сот отырысын жалғастыру туралы шешім қабылдады, себебі ол өз құқығын пайдалана отырып, сот отырысына қатысудан бас тартты. Бүгін сотталушыларға соңғы сөз берілед, — деді судья Әрінов.

Сотта соңғы сөзді тек екінші айыпталушы Д. Күшалиев айтты. Ол соттан бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауды сұрады.

— Мен Жолманова мен жәбірленушілер арасында делдал болғанымды айттым. Мен барлық шығынды өтедім, жәбірленушілердің маған қоятын талаптары жоқ. Қылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, «залалдың толық өтелуі жаза тағайындау кезінде ескерілуі тиіс мән-жайлардың бірі». Менің қайталанған қылмысым өтелді. Прокуратураның қылмыстың қайталануын қолдануы қате деп есептеймін, мемлекеттік айыптаушы істі дұрыс сараламаған. Менің әрекетімді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 3-бөлігіне сәйкес қайта саралауын сұраймын, яғни іс қозғалған кезде мен жәбірленушілерге 6 млн 650 мың теңге қайтарып бердім. Іс қозғалған кезде келтірілген шығын 9 миллион 950 мың теңге болған. Осыны ескеріп, әділ шешім шығаруыңызды сұраймын, — деді сотталушы Күшалиев.

Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Келесі отырыста сот үкімі шығады.

Светлана Жолманова 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың миллиондаған теңгесін қолды қылған. Зардап шеккендердің арасында оның достары, көршілері, таныстары мен әріптестері бар.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді

Бұған дейін прокурор Раушан Абдулла айыптау актісін оқыған болатын

Еске салайық, осыған дейін сотталушы Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы бес рет кейінге шегерілген болатын

Бұған дейін Бас прокуратура Жолманованың ісі сотқа жолданғаны туралы хабарлаған болатын

Еске салайық, былтыр экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы жазғанбыз

Алғаш рет алматылық судья 2021 жылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Соңғы жаңалықтар