12:35, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
«Сыбаға» бағдарламасы аясында малды ұрықтандыру бекеттері ашылуда - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл осы уақытқа дейін Шиеліде 228 етті ірі қара, асыл тұқымды 8 бұқа сатып алынды.

2012-2013 жылдары 4 ауылдық округте малды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс атқарған. Биыл тағы 7 пункт іске қосылды. Шаруа қожалықтары Қызылорда қаласында орналасқан «Асыл тұқым» ЖШС тарапынан қамтамасыз етілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Телікөл ауылдық округіне қарасты «Бибі» шаруа қожалығы Арал ауданынан 33 бас асыл тұқымды қашар алса, Еңбекші ауылдық округіне қарасты «Әшірбеков» шаруа қожалығының қорасы 30 бас асыл тұқымды аналық сиырмен толықты. Бестам елді мекеніндегі «Несібелі» шаруа қожалығы 4 млн. теңге несие есебінен 17 бас қашар сатып алып, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда. Сонымен қатар 4 шаруашылық өз қаржыларына 11 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды, делінген хабарламада.