Сыбайлас жемқорлық - демократия мен тұрақтылықтың дамуына төнген қатер - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық - демократия мен тұрақтылықтың дамуына төнген қатер.
None
None

Бұл туралы бүгін еліміздегі БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметі таратқан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннің Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай жария еткен жолдауында айтылған.

«Сыбайлас жемқорлық - демократия мен тұрақтылықтың дамуына төнген қатер. Ол нарық түрін өзгертеді, экономикалық өсімді тежейді және шетелдік инвесторларды кері итереді. Ол мемлекеттік қызметті әлсіретеді және шенеуніктерге деген сенімді бұзады», - дейді БҰҰ Бас хатшысы.

Сондай-ақ ол өз жолдауында бүкіл әлемнің барлық іскерлік ортасын жемқорлықты талқылауға және БҰҰ Конвенциясына сәйкес жемқорлықпен күрес шараларын қабылдауға шақырады.

«Халықаралық Сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін атап өте отырып, біз барлығымыз даму мен бейбітшіліктің игілігі жолындағы ортақ жұмыстарымызға қажетті құнды ресурстарымыздың ұрлануының алдын алу, сенімді сақтау және этникалық тәжірибені нығайту үшін күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - дейді Пан Ги Мун.

Соңғы жаңалықтар