Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің басшысы тағайындалды - Қостанай

Бүгін әкімдікте өткен аппарат отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департамент басшысын таныстырды. Бұл қызметке Сергей Потанин келді.
«Сергей Александрович Потанин 1976 жылы туған. Бұрынғы Қарағанды МТК Жоғарғы мектебін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Әр жылдарда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департамент басшысы қызметтерін атқарды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кету керек, Сергей Потанин - ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері.