Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасына Сенат енгізген түзетулер бойынша шешім шығарылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрi күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің шығарған қорытындысында осылай атап өтілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық ұйымның мүддесі үшін жасалған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тарту көзделген.
Заң жобасы ертең, қарашаның 4-і күні өтетін Палатаның жалпы отырысының талқысына шығарылады деп күтіліп отыр. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Сенат енгізген түзетулермен келісу жөнінде ұсыныс жасады.