Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобасының мақсаты - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау - депутат Д.Құсдәулетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» заң жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
None
None

Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д.Құсдәулетов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» заң жобасы ҚР-дың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5 институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын орындау аясында әзірленгенін атап өтті.

Ал шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова: «Әзірше, қоғам жемқорлыққа төзімді болып тұрған сәтінде ешқандай да жазалау шарасы, мемлекеттік қызметшілерге бақылау нақты нәтиже бермейді. Ең бастысы бұл қоғамда жемқорлыққа жат көрініс ретінде кері серпу қарым-қатынасын ояту қажет. Әрине, ол үшін адамдардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, бұл бағыттағы білімдерін жетілдіру қажет», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде қабылданып жатқан барлық жемқорлыққа қарсы құжаттарда қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті дамытуға ерекше мән берілген.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде аталған заң жобасының мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік аппарат пен басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлық көріністерінен пайда болатын қауіптерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар